Ұлытау облысында бюджеттің 223 миллион теңгесі талан-таражға түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытау облысында бюджеттің 223 миллион теңгесі талан-таражға түскен

29.11.2023

Жезқазған қаласының жылу құбырларын жаңарту кезінде бюджет қаражаты талан-таражға салынған. 2021 жылы тұрғын үй коммуналдық бөлімінің лауазымды тұлғалары құрылыс жұмыстарын тым жоғары бағамен қабылдаған. Салдарынан/ қазынаның 223 миллион теңгесі артық төленген. Қазіргі таңда облыс прокуратурасы қылмыстық кодекстің «Сенiп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденiп алу немесе талан-таражға салу» күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық іс облыс прокуратурасының тікелей бақылауына алынды.

Руслан Нұрланұлы


Ұлытау облысы Жезқазған

Хабарламаларға жазылу