Ақтауда балалар ауруханасында орын тапшы. Науқастар дәлізде жатыр. Осылай деп шағымданған ата-ананың айтуынша, емханада науқастарға жағдай жасалмаған. Емдеу мекемесінің басшылығы орын жетіспей жатқанын жасырмады. Себебі, қызылшаға күдікті балалар көп түсіп жатыр. Сондықтан 60 төсектік бөлімшеде қосымша 20 орын жасақтауға тура келген. Қазір аймақта эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Қызылшамен қатар, бронхиолит және пневмония аурулары да өршіп тұр. Соған байланысты жұқпалы аурулар бөлімшесін бірінші шағын аудандағы модульді стационарға көшіруге шешім қабылданған.
Ғалия Қайратқызы:
Біз бүгінгі түнде коридорда 8 ана болып жаттық. Коридор салқын. Ингаляторды үйімізден әкелдік себебі жетпейтін болды. Балаларымыз курткамен ұйықтады.
Бибізада Дүйсенбаева, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Осы күнге 835 науқас тіркеліп тұр. Оның ішіндегі 714і яғни 85 пайыздан жоғарғысы бұл балалар болатын болса. Олардың ішінде 1 жасқа дейінгі балалар саны 191 болып тұр. Біздің Маңғыстау алғашқы орында тұрмыз. Негізгі себеп әрине екпе алмағандықтан. Сондықтан біз тұрғындарды екпе алуға шақырамыз.