Қылмыстық істі Бас прокуратура бақылауға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қылмыстық істі Бас прокуратура бақылауға алды

30.11.2023

Алматыдағы өрт кезінде қаза тапқан азаматтардың жеке басы анықталды. Қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдіктер. Екеуі Ресей, екеуі Өзбекстан азаматы. Марқұмдардың дені жастар. Ең кішісі 15 жастағы Шымкент қаласының тумасы. Ал ең үлкені 1984 жылғы Қызылордалық азамат. Оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық істі Бас прокуратура қадағалайтын болды. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев хабарлады. Қазіргі анықталған деректер бойынша хостел заңсыз жұмыс істеген. Кінәлілардың барлығы заң бойынша жазаланады деді ол.

Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Жер астындағы қабатты тұрғын үйге айналдыру үшін арнайы рұқсаттары болуы керек. Ал оларда рұқсат болмаған. Сондықтан олар заңды бұзған деп айтады.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу