Өрт болған ғимарат қаржылық ұйымға тиесілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өрт болған ғимарат қаржылық ұйымға тиесілі

30.11.2023

Алматыдағы өртке қатысты Қылмыстық кодекстің «Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу» фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Ал арнайы құрылған үкіметтік комиссия хостелдегі өрттің шығу себептерін анықтап, оның салдарын жою бойынша жұмыс істейді. Алдын ала мәліметтер бойынша, әу-баста жертөленің дәлізінде өрт шыққан.

Нұрлан Атығаев, Алматы қаласы ТЖД басшысы:

Хостелда жатақхана болғаны әрине заңсыз. Өйткені жертөле шаруашылық мақсатта, қойма ретінде пайдаланылатын жер. Тиісті құжаттары жоқ қолында.

Алматыда өртенген жатақхана кімге тиесілі екені белгілі болды. «Халық Банктің» Halyk Group еншілес компаниясына тиесілі. Қаржылық ұйым өртке қатысты пікір білдірді. Үй-жай биылғы жылдың 21 қыркүйегінде жалдау шарты бойынша «ALA Hostel» серіктестігіне берілді. Өрт шыққан нысан бір жарым ай бұрын ғана жалға берілген. Ғимаратты оған дейін ешкім пайдаланбаған.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу