Мемлекеттік мекемелер журналистердің жазбаша сұрағына 5 күнде жауап беруі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік мекемелер журналистердің жазбаша сұрағына 5 күнде жауап беруі тиіс

30.11.2023

«Масс медиа» туралы Заң жобасы, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілдеріне жан-жақты түсіндірілді. Бірінші оқылымда қабылданған өзгерістер арасында журналистердің сұрағына мейлінше жедел жауап беру тетіктері қарастырылған. Мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелер БАҚ сұрау салса, 5 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндеттеледі.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Кей сұрақтар зерделеніп жан-жақты, оның жаңағы қаражат болуы мүмкін, статистика болуы мүмкін, соларды анықтау көбірек уақытты талап етеді. Сондықтан біз осы тұрғыда 5 күн деп белгіледік. Ол деген сол 5 күнге дейін ұстап отырады деген сөз емес. Мемлекеттік органдар да өздері де тез жауап беруге мүдделі.

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу