Астанада Бас прокуратураның қызметкерлері мектеп оқушылары мен жоғары оқу орнының студенттеріне дәріс өткізді. Интернет-алаяқтық, синтетикалық есірткінің зияны мен оның таралуының алдын алу туралы ақпараттармен бөлісті. Есірткі мен психотроптық заттарды таратқанда қолданылатын қылмыстық жауапкершілік туралы айтты. Жиынға қатысқан оқушылар құқық қорғау қызметкерлеріне сұрақтар қойды. Жастардың құқықтық санасын арттырып, қоғамдағы құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін арнайы ұйымдастырылған шара бір апта бойы жүргізіледі.
Ақмаржан Ғафизқызы