Түркістанда үш күн бұрын із-түзсіз жоғалған бүлдіршіннің денесі табылды. 4 жасар баланың денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан шыққан. Сот-медициналық сарапшылар сәбидің сүйегінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін растады. Жедел-тергеу тобы мен полиция департаменті және прокуратура қызметкерлері қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. Айта кетейік, желтоқсанның бірінде ойнауға шыққан бүлдіршіннің қайтып оралмағаны айтылып, полицияға хабар берілген болатын. Баланы іздеуге полицияның барлық құрылымы, Ұлттық ұлан құтқарушылары мен әскери қызметшілер жұмылдырылған еді. Бұл іске волонтерлер мен жергілікті тұрғындар да атсалысты.
Айнұр Әбілқасымқызы