Динара Зәкиева: Салғырттыққа жол берген қызметкерлер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Динара Зәкиева: Салғырттыққа жол берген қызметкерлер

04.12.2023

Екі аптаның ішінде Қызылорда мен Түркістан облыстарында балалардың кәріз құдығына құлап, көз жұму дерегі тіркелді. Осы қайғылы оқиғаларға қатысты балалар омбудсмені Динара Зәкиева әлеуметтік желіде пікір білдірді. «Екі жағдайда да кәріз құдықтары әкімдіктерге тиесілі. Инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, балалардың өліміне әкеп соққан салғырттыққа жол берген қызметкерлерді жауапкершілікке тарту мақсатында тергеу жүргізу қажет деп санаймын. Сондай-ақ бұл салаға жауапты жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен аудан әкімдерін де жауапқа тарту керек деп ойлаймын». Динара Зәкиева желідегі парақшасында осылай жазды.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу