Атырау облысының Құлсары қаласында тұңғыш рет STEAM FAIR ZHYLYOY ғылыми-білім беру фестивалі өтті. Оқушыларды озық технологияларды меңгеруге машықтандыратын жоба «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен Білім керуені корпоративтік қорымен жүзеге асырылды. Қазақстанның түкпір – түкпірінен робототехника саласындағы мамандар қатысып, ғылымның соңғы жаңалықтарымен бөлісті.
8-сынып оқушысы Айбол Қадырбай STEAM курсына қатысқанына небәрі 6 ай. Ол робототехникада күрделі деп саналатын ардуино бағытында білім алады. Қазір өрт сөндірушілерге арналған дронның макетін жасап шыққан. Ендігі мақсаты отандық электрлі көлік құрастыру.
Айбол Қадырбай, оқушы:
Бұл электрлі көлік өрт сөндіруші көліктің бірі болады. Мысалы, ормандар тағы басқа да жерлер өртеніп жатқанда ол мүлдем жол талғамайды, өтеді, сөндіреді.
Фестиваль ZhasSTEAM және Steam Ustaz деп аталатын екі бөлімнен тұрды. Арнайы шақыртылған спикерлер балаларға мектеп кезінен ғылыми дағдыларды игерудің маңыздылығын атап өтті. Сондай – ақ жергілікті мұғалімдер де өз ойын ортаға салды. Оқытушылар Білім беру керуені корпоративтік қоры бағдарламасы бойынша арнайы оқудан өтіп өзара тәжірибе алмасты.
Александр Лукашевич, спикер:
Қазіргі кезде балаларда зерттеу дағдысы болмаған соң ары қарай өз білімдерін дамыта алмай жатыр. Бәрі емес әрине. Оқудан тыс іс – шараларға қатысу керек. Өзін көрсету керек, яғни.
Жоба аясында оқулықтар дайындалып, Құлсары қаласындағы мектепте зертхана, ал Манғыстау облысының Боранқұл ауылында арнайы стим бокстар ашылған. Игі бастама «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен іске асып отыр.
Дармен Аронов, «Теңізшевройл» ЖШС үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері:
Біздің компания әлеуметтік салаға өте қатты көңл аударады. Білім сапасын көтеру мақсатында үлес қосамыз деген сеніміміз болды. Бүгін міне осы мақсатымызға жеттік деп ойлаймын.
Фестивальмен қатар Құлсары қаласы FIRST LegoLeague Challenge халықаралық чемпионатының облыстық кезеңін алғаш рет өз өңірінде қабылдады. Нәтижесінде екі команда республикалық кезеңге жолдама алды.