«Мемлекет волонтерларға қолдау көрсете береді». Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халықаралық волонтер күнімен құттықтап, жылы лебізін жолдады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созуға дайын тұратын мейірімді жандарды қашан да, құрметтеуге шақырды.
Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар. Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді.
Асима Нұрбайқызы