Елімізде микроқаржы ұйымдарынан қарыз алушылар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде микроқаржы ұйымдарынан қарыз алушылар көбейді

05.12.2023

Елімізде микроқаржы ұйымдарынан қарыз алушылар көбейді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, биыл қазақстандықтар 1 трлн 300 млрд теңгеге микрокредит рәсімдеген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,7 пайызға көп. Ал кәсіпкерлердің микрозаймы 44 пайызға өсіп, 331 млрд теңгеден асты. Айлыққа дейін қайтарам деп алған қарызды төлей алмай жүргендер де жетерлік. Қарызды 90 күннен кешіктіргендер биыл 3,8 пайызға артты.

Жалпы агенттік бүгінде микроқаржы ұйымдарының жұмысын реттейтін заң жобасын әзірлеп жатыр. 

Хабарламаларға жазылу