Алматыда 11 желтоқсанда онлайн түрде жалдамалы пәтерге құжат қабылдау басталады. Оны мегаполисте жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі азаматтар алады. Бұл мақсатқа 2000-нан астам пәтер қарастырылған. Өтініштер мен құжаттар «Kezekte.kz» сайты арқылы қабылданады. Оған электрондық сандық қолтаңба арлқылы тіркелуге болады. Бағдарламаға қатысушының жалақысы – 138 мың теңгеден болмауы керек. Әрі соңғы үш жылда өзі және 14 жасқа толған отбасы мүшелері Алматы қаласында тіркелген болуы тиіс. Отбасы мүшелерінің атында соңғы бес жылда жылжымайтын мүлік немесе сатып алу құқығымен жалдамалы баспана болмауы қажет.
Ғалымжан Әбдішүкірұлы, Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары:
Құжат қабылдау 11-ші желтоқсан сағат 00:09 басталып 15-ші желтоқсан түнгі сағат 23:59 аяқталады. Биылғы жылғы бағдарламаның ерекшелігі, 2019 жылдан 19,20,21-ші жылдары бағдарламаға қатысушылардың жасы 29 жасқа дейін болған, биылғы жылы бұл бағдарламаға қатысушылардың саны 35 жасқа дейін көтерілді. Бұрындары 5 жылға жалға берілетін болса, енді қазір жалға 3 жылға ғана беріледі.