Жетісайлық диқандар зауыттардан 2 млрд теңгесін ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісайлық диқандар зауыттардан 2 млрд теңгесін ала алмай жүр

05.12.2023

Жетісайлық диқандар биыл ағын судан тапшылық көріп, мақтасын әрең өсірген. Ала жаздай еңбек еткендер енді зауыттарға өткізген өнімінің ақшасын ала алмай қалған. Базбір мақта қабылдау бекеттері азын аулақ ақша берсе, енді бірі – мүлде қаржы төлемеген.

Дүйсенбай Айнабеков, шаруа:

Екі зауытымыз бір ақ рет аванс берді да, ол соляркіден артылмады турасын айтқанда. Содан бері күніге зауыттамыз. РИЦ деген ұйымнан ақша алғанмын. Бірінші ноябрь күні срогы кетті біреуінің. Ол күнделікті өсім бағасын ұра береді. Оны кімнен талап ететімізді білмейміз. Қай кредитімізді қалай талап ететінімізді білмейміз, үйімізді тіккенбіз. Жерімізді тіккенбіз, бәрін тіккенбіз.

Жыл басында шаруалар қаржылық ұйымдардан егістікке – 1 млрд 200 млн теңге несие алған. Енді қарызын қалай қайтарарын білмейді. Желтоқсан айынан бері өсімпұл қосыла бастаған.

Бахытбек Сүлейменов, шаруа:

Қаржы ұйымдары сол келісім-шартты орындамадыңдар деп қайта-қайта біздерге телефон соғып, үстіне пеня штраф дегендер болады екен соны қоямыз деп мазамызды алып жатыр. Ал зауыттар барсақ ертең, арғы күні деген сөздермен уәделермен шаруаларды шығарып салады. Ал енді оны кімге барып арызымызды айтатынымызды білмейміз. Одан ауданның әкімі, ауылдың әкімі бәрі хабардар.

Жергілікті билік өкілдері мәселеден хабардар болғанымен, оны шешуге қауқарсыз. Зауыт басшылары "мақтаны жөнді бағаға өткізе алмадық" деген желеумен шаруаларға тиесілі қаржыны бермеген. Бір ғана Жетісай ауданында биыл мыңдаған шаруа қожалығына берешек – 3 миллиард 150 млн теңгеден асып кеткен. Бүгінге дейін соның бір миллиардтан астамы ғана төленіпті.

Нұртас Тұрсынбеков, Жетісай аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы:

Көбісі олар айтып жатыр волокноның кішкене төмен болуына байланысты нарпықта келісе алмай жатқаннан кейін сол себепті бізде қаражаттың жоқ болуына байланысты болып жатыр дейді. Алдағы уақытта жұмыс жасаймыз зауыттармен бірге. Келесі жылға өтпеуіне барынша зауыттармен жұмыс жасап, осыны төлеуіне бақылауда болады.

Жетісай ауданында жеті мақта зауыты болса, қазір солардың шаруаларға қарызы – 2 млрд 060 млн теңгеге жеткен. Мақтаарал, Шардара, Ордабасы аудандарында да дәл осындай жағдай қалыптасқан.


Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу