Батыс Қазақстан облысында 14 мектептің директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Себебі оқушылар информатика кабинетінде суицидті насихаттайтын және құрамында порнографиялық материалдары бар сайттарға еркін кіріп отырған. Бұл заңбұзушылықты Теректі ауданының прокуратурасы анықтады. Қазір ауданның барлық білім беру мекемелерінде заңмен тыйым салынған интернет-сайттарға кіруге шектеу қойылды.
Ардақ Мұратқызы