Шымкент қаласына арнайы іс сапармен барған көлік министрі жаңадан салынып жатқан әуежай терминалының құрылысы мен теміржол вокзалын реконструкциялау ісін сынға алды.
Құрылыс созылып кеткен. Аумағы 4 мың шаршы метр жердегі жұмыс тым сылбыр. Енді бұл істі ширату авиация комитетіне жүктелді. Жоспар бойынша нысан келесі жылдың наурыз айында аяқталуы тиіс. Жаңа терминал жылына 6 мың жолаушыға қызмет көрсетуге арналған. Бұл бұрынғыдан 6 есе үлкен. Көлік министрі теміржол вокзалын реконструкциялау ісін де сынға алды.
Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:
2 мың шаршы метр жерде 20 жұмысшы ғана жұмыс істеп жатыр деген ақылға сыймайды. Бұл қадағалау жоқ деген мәселе. Сондықтан құрылтайшымен алдағы апта жолығамыз. Алдына талап қойып отырмын. Жұмыс қарқынын кем дегенде 5 есе көбейту керек.
Ғани Қалмаханов