Батыс Қазақстан облысында скарлатина ауруы тіркелді. Тасқалада осы індеттің балаларға жұғу дерегі расталып отыр. Салдарынан аудан орталығындағы балабақшалардың бірі карантинге жабылған. Тіпті, бір бала көз жұмды деген ақпарат тарады. Осы өңірдегі тілшіміз Ардақ Мұратқызы қазір бізбен телефон арқылы байланыста.