АҚШ президентінің ұлы 17 жылға сотталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президентінің ұлы 17 жылға сотталуы мүмкін

08.12.2023

АҚШ президенті Джо Байденнің ұлы Хантер Байден он жеті жылға сотталуы мүмкін. Әділет департаменті оған тағы да жаңа қылмыстық айыптар тақты. Прокурорлар ақ үй басшысының баласы 1,4 млн доллар салықтан жалтарды деп мәлімдеді. Сотқа тапсырылған айыптау актісіне сәйкес, жалпы Хантер Байденнің үстінен үш қылмыстық және салық төлемегені бойынша 6 әкімшілік іс қозғалған. Қылмысы дәлелденсе, 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ. Әділет басқармасы тергеу әлі жалғасып жатқанын хабарлады. «Айыпталушы 2016-2019 жылдары тапқан табысын жасырып, салық төлемеді, есесіне сән салтанатта өмір сүруге миллиондаған доллар жұмсады», - делінген актіде.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу