Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы қарым-қатынастың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.
Өзара байланысты одан әрі нығайтуға Үкімет пен Парламентің ықпалы зор, - деді президент. Сонымен бірге «Ақтау – Ереван – Ақтау» бағыты бойынша әуе рейстерінің іске қосылуын оң бағалады. Соның нәтижесінде бүгін бизнес пен туризм жандана түскен. Тараптар көлік, логистика және сауда салаларындағы қарым-қатынастарды одан әрі арттыру мәселесін талқылады.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/185975/)