Семейде учаскелік полицей кішкентай қызды мас адамнан құтқарып қалды. Тәртіп сақшысы Рымғали Жибраев көшеден шыққан қыздың дауысын дер кезінде естіген. Ішімдік ішкен ер адам 6-сыныпта оқитын қызды күштеп үйдің кіреберісіне сүйреген. Учаскелік полицей уақытылы әрекет етіп, қызды аман алып қалды. Қазір күдіктіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 120-шы бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Рымғали Жибраев, учаскелік полиция инспекторы:
Кішкентай қыз қатты қорқып қалған. Оны жұбатып ата-анасының телефонын анықтадым. Бірден хабарласып полиция бөлімшесіне келуін өтіндім. Ол кезде оқушы қызға шабуыл жасаған ер адам тексеру бөлмесінде болды. Нәтижесінде ол орташа дәрежедегі мас күйде болған.
Тәуірбек Бозекен