Атырауда әлеуметтік кәсіпкерлердің VIІI құрылтайы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда әлеуметтік кәсіпкерлердің VIІI құрылтайы өтті

08.12.2023

Атырауда әлеуметтік кәсіпкерлердің VIІI құрылтайы өтті. «Жарқыра» бағдарламасы аясында жыл бойы атқарылған жұмыстар қортындыланды. Бизнес-қоғамдастықты дамытуға бағытталған мұнайлы өңірдегі бірегей жоба «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен жүзеге асып келеді.

«Жарқыра» жобасына қатысушы Бауыржан Хасанұлы 10 жылдан бері жүзім өсірумен айналысады. Маусым сайын 2000 көшет отырғызып жылына жартты тонна жеміс алады. Бүгінде шетелдік нарықпен иін тірестіруге қабілетті. Берекелі бизнестің шарапатын басқалар да көріп отыр.

Бауыржан Хасанұлы, жеке кәсіпкер:

Мүмкіндігілі шектеулі жандарды жетім балаларды тегін жүзім сұрыптап баптау жөнінде үйретемін. Сосын арнайы бір бөлігін балаларымызға тегін береміз.

Облыста әлеуметтік кәсіпкерлерік әсіресе аудандарда қарқынды дамып келеді. Биыл жобаға қатысушылардың 50 пайызы шалғай елді – мекендерден. Бинестің басты бағыты әлеуметтік мәселе.

Назерке Самешова, «Жарқыра» жобасының қатысушысы:

Бұл жоба арқылы мен шағын логопедиялық кабинетімді үлкен психологиялық қолдау орталығына айналдырдым. Орталық 100-ге жуық баланы қамти алады. Қазіргі таңда 54 бала білім алып жатыр. 

Теңізшевройл компаниясы жобаны 2016 жылдан бері қаржыландырады. Осы уақыт ішінде бағдарлама аясында 62 кәсіпкерлік нысан құрылып, 27 мың адам жұмыспен қамтылған.

Хэймиш Полс, «Теңізшевройл» ЖШС үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімі бас менеджерінің орынбасары:

Біз арқылы қолдау тапқан азаматтардың 80 пайызы жұмысын жалғастыруда. Бұл жобаның тұрақтылығын көрсетеді. ТШО компаниясы әлеуметтік кәсіпкерлердің жұмысын қолдайды және мүмкіндіктеріне сенеміз.

Форумға 100-ге жуық кәсіпкер қатысып, табысты спикерлер тәжірбиелерімен бөлісті. Биыл бағдарлама аясында қолдау тапқан жобалар бірнеше салаға бөлініп, әсіресе ерекше қажеттілігі бар балаларды дамытуға басымдық беріліп отыр.


Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу