Атырау 5G интернет желісіне қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау 5G интернет желісіне қосылады

08.12.2023

Атырау 5G интернет желісіне қосылады. Өңірде жыл соңына дейін, 6 балабақша мен 10 мектеп пайдалануға беріледі. Өндіріс саласында да іргелі жоба көп. Мұнайлы өңір басшысы Серік Шәпкенов, аймақтың даму қарқынына шолу жасап, күрмеулі мәселелерге тоқталды. Жандос Темірғали рет-ретімен тарқатып айтады.

5G –ге қосылу үшін, 40 базалық станса ортану көзделген. Әлден 8-і қондырылды. Оның игілігін атыраулықтар келер жылы көреді. Оның сыртында шалғайдағы 38 ауыл ғаламторға қосылады.

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Соңғы жылдары 250 шақырымға жуық электр желісі жаңартылды. Тағы 250 км желі келер жылдың соңына дейін ауыстырылады. Өңірде алдағы бес жылда су тапшылығы сезіледі деген болжам бар. Сондықтан екі жылда қосымша 5 станса салу жоспарланып отыр. Серік Шәпкенов, жыр болған "Атырау – Астрахань" күре жолы туралы да айтты. Республикалық маңызға ие автобан құрылысы жіті бақалуда, - деді.

«АТЫРАУ-АСТРАХАНЬ» ЖОЛЫНЫҢ 252 ШАҚЫРЫМЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Серік Шәпкенов, Атырау облысының әкімі:

277 км-дің 252-сі аяқталды. 25 км-дей қалып отыр. Жұмыстар қазір жүруде.Бізде ауа-райының мүмкіндіктері басқаша. Жылы немесе мүмкіндігі бар уақытта олар сол жұмысты жалғастырады. Егер ондай мүмкіндік болмаған жағдайда қалған жұмыстарды келесі жылы бітіріп, іске қосады.

ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ 14,1%-ҒА АРТТЫ

Атырау – экономиканың драйвері. Мұнайлы өңірде өндіріс өркендеп келеді. 10 айда 44 млн тонна мұнай игерілді. Өнеркәсiп өнiмiнің көлемi былтырмен салыстырғанда 14,1%-ға өсіп отыр. Жалпы өнім көлемі 315,2 млрд теңгеге артып, Ұлттық қорға он айда 2,5 трлн теңге аударылған. Облыста жалпы құны 102 млрд теңге болатын 3 инвест жоба іске асып жатыр. Бас-аяғы 2 мыңға жуық адам еңбекпен қамтылады. Биыл 4 206 пәтер пайдалануға берілді.

ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Экологиялық ахуал да басты назарда. 5 жыл ішінде 2 803 гектар орман алқабына 7 миллион көшет отырғызу жоспарланған. Тамызда «Мақат-Солтүстік Кавказ» магистральдық газ құбырының лупингі іске қосылды. Жоба аймақтағы көгілдір отынға сұранысты қамтиды.

Хабарламаларға жазылу