«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының алғашқы отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының алғашқы отырысы өтті

08.12.2023

«Amanat» партиясы әйелдер қанатының алғашқы отырысы өтті. Жиынға партия төрағасы Ерлан Қошанов, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, өңірлерден келген 100-ден астам белсенді әйел қатысты. Олар әйелдердің қоғамдық-саяси өміріне қатысу аясын кеңейту, кәсіпкер әйелдерді қолдау және инклюзивті қоғамды дамыту мәселелерін талқылады. Делегаттар Президент Жолдауы мен оның сайлауалды бағдарламасы, «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында елімізде ана мен бала бақытты өмір сүруі үшін жағымды жағдай жасалып жатқанына назар аударды.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Мемлекет басшысы ана мен баланы қорғау отбасы тәрбиесі мен отбасылық құндылықтар мәселесіне ерекше көңіл бөліп келе жатыр. Айналып келгенде мемлекеттің де басты тірегі, бахыты тату-тәтті отбасы.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Аманат партиясы әйелдер қанаты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылау функциясын өзіне алуы керек деп есептеймін. Олар облыс әкімдерінің, министрліктердің есебін тыңдап, бұл бағыттағы жұмыстардың іркілмеуін қамтамасыз етулері керек. 


Хабарламаларға жазылу