Абай облысының даму қарқыны жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысының даму қарқыны жоғары

08.12.2023
Абай облысының даму қарқыны жоғары

Жаңадан құрылған аймақтың бірі – Абай облысы. Дербес облыс болып құрылғалы аймақты дамытудың кешенді жоспары жасалды. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев тұрғындармен кездесіп, жыл ішінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық саласында оң көрсеткіштер жетерлік.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Абай атындағы театрда облыс тұрғындарымен кездесіп, есеп берді. Өңірдің негізгі капиталына құйылған инвестиция 141,2% өсіп, 475 млрд теңгеден асқан. Аймақта құрылыс қарқыны да жоғары. 68 көпқабатты, 1 мың 170 жеке тұрғын үй салынуда. Бір жыл ішінде 2,5 мыңға жуық пәтер иелеріне тапсырылды. Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында ет-консерві шығаратын зауыт құрылысы аяқталып, жақында пайдалуға беріледі. Жылына 12 600 тонна өңдейтін тағы бір ет комбинаты салынады. Президент тапсырмасына сәйкес 157 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал облыс қазынасы биыл 419 млрд. теңгеден асып отыр.

Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі

Биыл облыс бюджетінің көлемі 419,2 млрд теңгені құрады. Сумен жабдықтау нысандарын қаржыландыру 3 есеге (10,5 млрд теңге), жолдарды жөндеу – 2,3 есеге (9,5 млрд теңгеге) ұлғайды. Білім беру саласы бойынша шығыстар 1,2 есеге (24 млрд теңге), денсаулық сақтау – 2 есеге (5,5 млрд теңге), ауыл шаруашылығы – 7 еседен артық (21,2 млрд теңге) өсті.Облыс орталығы – Семей қаласының бюджеті 103,1 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 51,4%-ға артық.

Алдағы жылдары облыста 11 мектеп салынады. Қазір 5 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Сол сияқты көпбейінді оқушылар сарайын салу жоспарланған. Өңірде денсаулық сақтау саласында да атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Инвесторлар есебінен емхана мен нефрология орталығының құрылысы басталған. Абай облысы әкімдігінің қолдауымен іске асқан жобалардың бірі Болат Өтемұратов қорының «Асыл Мирас» аутизм орталығы.

Марат Айтмағанбетов, Б.Өтемұратов қорының директоры:

13-ші аутизм орталығын ашып отырмыз. 12 қалада бізде осындай орталықтар бар. 2014 жылдан бастап бізде 16 мың бала уже көмек алды. Осы Семейде де аутизм бұзылған, аутизм арналған балалар да бар. Мына орталық жылда 300 балаға қызмет көрсетеді.15 маман жұмыс істейді. Бәрі тренингтерден өтті. Енді орталық ашылып жатыр, бәрі тегін болады.

Алдағы уақытта Абай облысында осындай орталықтар қатары толығады. Қор Семейде және Аягөз қаласында 150 орынға арналған аутизм орталықтарын ашуды жоспарлап отыр. Нұрбек Байбосын, Рүстем Қайратұлы, Елжан Мағзумов Қазақстан Ұлттық арнасы Абай облысынан.

Хабарламаларға жазылу