Еліміздің бірнеше аймағында аяз күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бірнеше аймағында аяз күшейді

11.12.2023

Ақмола облысы мен солтүстік өңірлерде аяз күшейді. Түнгі уақытта ауа температурасы минус 32-35 градусқа дейін жетті. Желдің екпіні секундына 9-14 метр. Аязға байланысты бүгін Елордада бірінші ауысымның тоғызыншы сыныпқа дейінгі оқушылары мектепке бармайды. Сабақ онлайн өтеді. Ал Қарағанды мен Теміртауда сабақ екі сағатқа кеш басталады.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу