Италияда теміржол апаты болды. Елдің Болонья және Римни қалалары арасында екі жолаушы пойызы соқтығысқан. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, апат кезінде 17 адам жеңіл жараланған. Пойыздар баяу жылдамдықпен қозғалса керек. Апат болған жол бөлігі уақытша жабылды. Іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Арай Төлегенқызы