Қазақстан әлемдегі қызылша ауруы ең көп таралған 3 елдің қатарына кірді. Мұндай мәліметті АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы жариялады. Қызылшаны ең көп жұқтырған Йемен тұрғындары - 23 мың адам. Үндістанда 15 мыңға жуық адамнан анықталған. Ал Қазақстанда 13 мыңға жуық дерек тіркелген. Одан кейін Эфиопия, Пәкістан елдері тұр.
Орталықтың мәліметі бойынша, аурудың өршуіне коронавирус пандемиясы әсер еткен. Өткен 3 жылда әлем бойынша 61 млн доза екпе салынбай қалған. Ал Қазақстанда бас тартып жатқандар әлі де көп. Дәрігерлердің айтуынша, қызылшаны емдейтін нақты препарат жоқ. Ауруды жұқтырмаудың жалғыз жолы – екпе алу.
Оңғар Алпысбай