Президент Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғаринді қабылдады. Кездесу барысында сауда, интеграция, ауыл шаруашылығы салаларындағы атқарылып жатқан жұмыс барысы баяндалды. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысына дайындық бір пысықталды. Агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу көлемін 30 пайыздан 70 пайызға ұлғайту керек. Президенттің бұл тапсырмасын орындау барысы да айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылауды күшейту керектігін айтты және халықаралық ауқымда жоспарланған шараларды жоғары деңгейде өткізу бойынша тапсырма берді.