Үкімет дихандардан сапасыз бидайды сатып алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет дихандардан сапасыз бидайды сатып алады

11.12.2023

Қолайсыз ауа райынан зардап шеккен дихандардың бидайын Үкімет сатып алады. Премьер-Министр Әлихан Смайылов 4-ші, 5-класты және классыз дақылды сатып алу үшін қаражат бөлу туралы тиісті Қаулыға қол қойды. Құжат Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау бойынша жедел шараларды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында қабылданды. Сапасыз бидайдың қоры 350 мың тонна. Оны сатып алу үшін 31 млрд 375 млн теңге бөлінді. Жалпы, биылғы дәнді-дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды. Қамбаға 16,6 млн тонна бидай, орташа өнімділігі гектарына 8,6 центр. Қазір өткен жылдан қалған қор мен ішкі тұтынуды ескере отырып, жиналған өнім отандық нарықты қамтамасыз етуге және белгілі бір көлемде экспортқа, ұн түрінде жөнелтуге жеткілікті, деп жазды Үкіметтің баспасөз қызметі.


Хабарламаларға жазылу