Шымкентте 2 млрд теңге субсидия негізсіз берілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 2 млрд теңге субсидия негізсіз берілген

12.12.2023

Шымкент қаласында қоғамдық көлік компанияларына 2 миллиард теңге субсидия негізсіз берілген. Мұны қалалық мәслихат депутаттары анықтады. Заңсыздық әрекеттер жолаушылар тасымалы ісін электронды форматқа ауыстырғаннан соң, белгілі бола бастаған. Оған дейін қала ішіндегі бағыттардың біразы қағаз жүзінде ғана көрсетіліп келген. Депутаттар/ автобустардың қосалқы бөлшектерінің бағасын компаниялар, әдейі қымбат көрсеткен болуы ықтимал дегенді де айтады. Сондықтан жолаушылар тасымалы ісіндегі заңсыздықтарды тексеруін талап етіп, құзырлы орындарға хат жолдады. Мегаполисте қоғамдық көлік компанияларына қолдау ретінде жыл сайын мемлекеттен 23 миллиард теңге бөлініп келеді.

Талғат Балтабаев, қалалық мәслихат депутаты:

Бұл жердегі былықтар ертерек басталған. 2017-2018 жылдары қаланы басқарған азаматтар тарапынан автобустардың бағасы үш есе қымбатқа алынған. 23 миллиард математикалық есеппен қарағанда біз 11 миллиардтың өзіне таксимен жүретіндей жағдай жасауға болады.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу