Еуропалық Одақ Қазақстанмен шикізат материалдарын өндіру бойынша ынтымақты күшейтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық Одақ Қазақстанмен шикізат материалдарын өндіру бойынша ынтымақты күшейтеді

12.12.2023

«Еуропалық Одақ Орталық Азия елдерімен, әсіресе Қазақстанмен сирек кездесетін шикізат материалдарын өндіру бойынша ынтымақты күшейтуі тиіс». Брюссельде өткен «Орталық Азия Еуропалық Одақтың тарихи таңдауы» атты басқосуда қатысушылар осындай пікір білдірді. Сарапшылар жасыл сутекті Еуропаға тасымалдауда «Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуеті зор екенін айтады.

Ариэль Коэн, халықаралық салық салу және инвестиция орталығының басқарушы директоры:

Жасыл экономикаға көшу үшін Еуропаға энергоресурстар қажет. Ауаға зиянды қалдықтарды азайту үшін сирек кездесетін металдар керек. Ядролық экономиканы дамытуға уран қажет. ЕуроОдақ осыны ескере отырып, Қазақстанмен қатынасты күшейтуі тиіс.

Антониа Колибасану, Geopolitical Features орталығының сарапшысы:

Қазақстан-мүмкіндіктер елі. Бізге Еуропалық Одаққа осы мүмкіндікті қалт жібермей, Орталық дәліз арқылы қатынасты арттыру өте маңызды.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу