Шымкентте еріктілер коммуналдық сала жұмысшыларына тегін шай таратып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте еріктілер коммуналдық сала жұмысшыларына тегін шай таратып жүр

12.12.2023

Қайырымды ісімен алғыс арқалаған жандар. Шымкенттік Асхат Мәуленов бастаған еріктілер тобы, әр жұма сайын таң атпай көше тазалауға шығатын коммуналдық сала жұмысшыларына тегін шәй мен нан ұсынады. Одан бөлек, бес жылдан бері мұқтаж жандарға әлеуметтік, медициналық көмек көрсетіп келеді. Көпбалалы, қосағынан айырылған аналардың жұмыс істеп, табыс табуына да жағдай жасайды.

Қайырымды ісімен алғыс арқалаған жандар. Шымкенттік Асхат Мәуленов бастаған еріктілер тобы, әр жұма сайын таң атпай көше тазалауға шығатын коммуналдық сала жұмысшыларына тегін шәй мен нан ұсынады. Бұдан бөлек, бес жылдан бері мұқтаж жандарға әлеуметтік, медициналық көмек көрсетіп келеді. Көпбалалы, қосағынан айырылған аналардың жұмыс істеп, табыс табуына да жағдай жасайды.

Қысы-жазы таң қылаң бергеннен қала тазалығына кірісетін жандар еріктілер келгенде жадырап қалады. Олардың ұсынған ыстық шайы өз алдына, алғысы мен жылы сөздері жанға шуақ дарытты.

Сәкен Жамбылов, жұмысшы:

Күн суықта денемізді жылытып, марқайтып, көңілімізді көтеріп кетіп жатқан волонтер балаларға үлкен рақмет. Осының өзі үлкен күш береді, қуат береді.

Еріктілер тобы жуырда көпбалалы әрі ІІ топтағы мүгедек Күнсұлу Ахметоваға айырықша қуаныш сыйлады. Тағдыр тауқыметін тартқан отбасы қайырымды жандардың арқасында баспаналы болды. Бұл алты жылдың ішінде еріктілердің көмегімен қоныс тойын өткізген жиырмасыншы отбасы.

Күнсұлу Ахметова, қала тұрғыны:

Өмірде қайырымды жандар өте көп екен. Оған көзім жетті. Міне ойламаған жерден баспаналы болып отырмын.

Шаһарда еріктілер ұйымдастырған «Ізігілік» атты дүкен де жұмыс істейді. Жағдайы келмегендіктен перзенттерінің үсті-басын бүтіндей алмай жүрген отбасылар ай сайын осында келіп, өзі қалағанын тегін алып кетеді. Биылдың өзінде мыңнан астам отбасы осындай көмек алған. Бұдан бөлек, балаларға футбол, каратэмен тегін шұғылданатын да жағдай жасаған.

Қайрат Дәрібаев, қайырымдылық қорының басшысы:

Қол жеткізе алмай жүрген, велосипед болуы мүмкін, ұнайтын ойыншықтары, жақсы киім болуы мүмкін өзі қандай арман айтады, кәсіпкер азаматтарға айта отырып 180 баланың арманын орындаған екенбіз.

Еріктілер еліміздің түрлі аймағында болған төтенше жағдайлар мен пандемия кезінде де сол жерден табылып, апаттан зардап шеккендерге көмектесті. Қазір олардың қатары 120 жаспен толығып отыр.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу