Келесі жылы зейнетақы жинағының шекті сомасы өспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі жылы зейнетақы жинағының шекті сомасы өспейді

12.12.2023

Ендігі жылы зейнетақы жинағының шекті сомасы өзгермейді, яғни биылғы көрсеткіштермен бірдей. Жас шамасына байланысты 3 миллионнан 10 миллионға жуық шектік сома деңгейінде қалады. 20 жастағы қазақстандық азамат үшін шектік сома 3 млн 260 мың теңге, 30 жастағы адамдар үшін 4 млн 580 мың теңге болады. 40 жастағы адамдар үшін 6 млн 100 мың теңгеге тең болса, 50 жастағылар үшін 7 млн 860 мың. Ал 60 пен 62 жас аралығындағы қазақстандықтар зейнетақы қорындағы 9 млн 890 мыңнан асып жығылатын соманы қажетіне орай жұмсай алады.


Қаракөз Тұрмағанбек  

Хабарламаларға жазылу