Талдықорғанда үш күннен бері жауған қар қалыңдығы 25 саниметрге жетіп, шаһардың коммуналдық қызметінде қарбалас басталды. Жұмысшылар бір тәулікте 1500 текше метр қар шығарды. Биыл/ облыс орталығының жолдары мен көшелерін қысқы мезгілде күтіп ұстауға 80-нен астам техника мен 200-ге жуық адам жұмылдырлған. Қажетті мөлшерде инертті материал дайындалып, оларды жолдарға шашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Десе де, коммуналдық қызмет үлгермей жатыр.
Нұрбақыт Алтынбеков, қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы:
Әлі қар күрелмеген жерлер бар. Қазір бізде қала күннен күнге өсіп жатыр ғой. Саяжайларда асфальт, бетон төсемі төселді. Қала өскен сайын техника жетіспеу бар. Бірақ үлгеріп жатырмыз.
Қуаныш Қанатұлы