Қазақстанда енді кеме құрастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда енді кеме құрастырылады

12.12.2023

Қазақстанда кеме құрастырылатын болды. Жаңа зауыт Каспий теңізінің жағасында салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев хабарлады. Бүгінде «ҚазақстанТеңізФлоты» компаниясы кемелердің жаңа моделін жобалап жатыр. Оны Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылады. Бірнеше ірі компания жобаны іске асыруға қызығушылық танытып отыр. Жаңа зауытта жөндеу жұмыстары да жүргізілмек. Ал су жолымен тасымалданатын жүк көлемін арттыру үшін «Жайық-Каспий» каналы тереңдетілмек.

Марат Қарабаев, ҚР көлік министрі:

Келесі жылы бұл каналда тереңдету жұмыстары басталады. Келешекте кеме жүру параметрлерін тиісті деңгейде ұстау үшін, тереңдеткіш техника сатып алу жоспарлануда. Сонда Атырау теңіз портын модернизациялау жұмыстары жүргізіліп, бұл маршрут Транскаспий халықаралық көлік бағытына қосылатын болады. Тасымалдың болжамды көлемі – шамамен 1 млн тонна. 

Оңғар Алпысбай 

Хабарламаларға жазылу