БҰҰ Бас Ассамблеясына мүше 193 елдің 153-і Газа секторында гуманитарлық мақсатта атысты тоқтатуға үндейтін қарар қабылдады. Құжаттың міндетті күші жоқ. Алайда ол саяси салмаққа ие және соғысқа деген жаһандық ұстанымды көрсетеді. АҚШ, Австрия мен Израиль тәрізді 10 ел қарарға қарсы дауыс берді. Ал Ұлыбритания, Германия, Италия тәрізді 23 ел қалыс қалған. Қазір Газа секторындағы ахуал өте күрделі. Атыс-жарылыстардан халыққа қажетті гуманитарлық көмек жеткізу мүмкін болмай жатыр.
Арай Төлеген