Оралда жаңа жылдан бастап жолақы құны 100 теңге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда жаңа жылдан бастап жолақы құны 100 теңге болады

13.12.2023

Оралда жаңа жылдан бастап жолақы құны 100 теңге болады. Қалалық мәслихат депутаттарының басым бөлігі тарифті өзгертуді қолдап, дауыс берді. Қазір автобуста билет бағасы электронды түрде - 80 теңге, қолма-қол ақшамен - 150 теңге. Қала әкімдігі жолақыны көтеру амалсыздан жасалған қадам дейді. Себебі автобустар ескі, жанармай қымбаттады, жүргізуші жетіспейді, қысқа дайындық нашар. Қалада жолаушы тасымалдайтын 6 кәсіпорын бар. Соңғы алты жылда оларға берілетін субсидия 5 млрд теңгеге жеткен. Бірақ бұл қаражат тасымалдаушылардың шығынын жабуға жеткіліксіз болып шықты.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу