Өскемендегі көпқабатты үйлердің бірінің шатырында бұлғын аңы жүр. Тұрғындардың айтуынша жыртқыш аң қазір адамдардан да көп қорықпайтын болған. Қорек үшін үйге жапсарлас өскен биік теректерге кезек-кезек секіреді. Биолог мамандар бұлғын шыршалы, майқарағайлы ормандардағы ағаш діңдері мен тас қуыстарды мекендейді. Ол жазда ұсақ жәндіктермен, қыста самырсын жаңғағымен қоректенеді. Ал қаланың қақ ортасынан тұрақ тапқанына биологтар да таң қалып отыр.
Олжас Керейхан