Депутат жылуға бөлінген қаржының есебін сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат жылуға бөлінген қаржының есебін сұрады

13.12.2023

Екібастұздағы жағдайдың тағы қайталанылуына жол бермеу керек. Үкіметтің бұған хақысы жоқ. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға осындай депутаттық сауал жолдап, жылуға бөлінген миллиардартың есебін сұрады. Оның сөзінше, еліміздегі жылу орталықтарының 80 пайызы әбден тозған. Жыл сайын оның 5-7 пайызы ғана жаңартылады. Депутат салаға былтыр 160 млрд теңге бөлінсе де, халық жылуға жарымай, үйде дірдектеп отыр дейді. Ал аудиторлық палата отырысында айтылған 100 ұсынысты Үкімет сол күйі атқарған жоқ деп отыр.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» Фракциясының мүшесі:

Биыл осындай жағдайды қайталауға Үкіметтің еш хақысы жоқ. Олигархтар протекцияны пайдаланып, өздері пайдаға кенеліп, шығынды мемлекет пен халыққа ысырып тастаудың дәстүрін жалғастырып келеді. Жауапты министрлер жылы кабинеттерінен шығып, барлық жиналыстарын қысқартып, жылу орталықтарының бас-қасында осы аязды күндері жүруі керек. Бұл саладағы әрбір жемқор қатаң жазалануы тиіс!


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу