Электр көліктерді елге әкелу мен сатуда былық көбейген. Прокурорлар бірнеше заң бұзушылықты анықтады. Тәртіп бойынша Қазақстан азаматы бір жылда тоқпен жүретін бір көлікті ғана кедендік салықсыз елге кіргізе алады. Бірақ, бұл талап ескерілмей жатыр. Тек Алматы қаласында осындай 34 жағдай тіркелген. Мемлекетке 100 миллион теңге шығын келді. Сонымен қатар бұл бизнестегі бәсекелестік талаптарын да бұзды. Қазір құзырлы органдар кеден қызметкерлерін жауапқа тартуды қарастырып жатыр.
Асима Нұрбайқызы