Ілияс Жансүгіровтың «Өтірік» атты кітабының түпнұсқасы табылды. Жыр жинақты Алматы қаласының тұрғыны, кинорежиссер Ербол Бораншаұлы өзінің жеке кітапханасында сақтап келген. Ол төте жазумен терілген туындыны Ілияс Жансүгіровтың әдеби музейіне тапсырған. Музей қызметкерлері алдағы уақытта тың туындыны кириллицамен қайта басып шығаруды жоспарлап отыр. 1927 жылы Мәскеуде 4500 таралыммен шыққан кітапта ақынның шымшыма өлеңдері топтастырылған.
Нұргүл Жауынбаева, І. Жансүгіров әдеби музейінің меңгерушісі:
Продюссер, сценарист, режиссер Ербол Бораншы деген азаматтың жеке кітапханасында неше жылдар бойы сақталып келген екен. Соны естіп біз, міне, жақында осы кітаптың түпнұсқасын музей қорына алдық. Сыйға берді. Толықтай аударып, кириллицамен басып шығамыз деген ойдамыз.
Қуаныш Қанатұлы