Алматының троллейбус паркі толықтай жаңарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының троллейбус паркі толықтай жаңарады

14.12.2023

Алматының троллейбус паркі толықтай жаңарады. Биыл жүз қоғамдық көлік сатып алынған. Келер жылы тағы да жүз троллейбус алынбақ. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған қала әкімі Ерболат Досаев айтты. 

Оның сөзінше, биыл қаланың автобус паркі экологиялық таза 1150 жаңа автобуспен толықты. Көгалдандыру бойынша жыл басынан бері 276 мың көшет отырғызылды. Алматыдағы саябақтар аумағы 397 гектарға ұлғайған. 

Жалпы, жыл қорытындысы бойынша еліміздегі ең ірі қала экономикасының өсімі 6,5 пайыз болады деген болжам жасалып отыр. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкіміне инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту жөнінде тапсырмалар берді.


Хабарламаларға жазылу