Алматы облысында жанармай құю станциясында өрт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жанармай құю станциясында өрт болды

15.12.2023

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жанармай құю станциясында өрт болды. Өрт сөндірушілерге: көлемі 30 текше метр болатын цистернаның жанып жатқаны туралы хабарлама, кеше кешкі сағат 7-лерде түскен. Қызыл жалын 1 сағаттан кейін сөндірілді. Өрт салдарынан 56 жастағы жанармай көлігінің жүргізушісі зардап шекті, ол орта дәрежедегі термиялық күйік алған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін азамат ауруханада қалудан бас тартыпты. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз, оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу