Жамбыл облысында жолаушылар пойыздары қайта жүре бастады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» хабар таратты. Қолайсыз ауа райынан аталған өңірде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Осыған орай пойыздар қозғалысы қиындаған. Жедел штаб құрылып, теміржолдарды тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізілген. Желтоқсанның 13-інен бері теміржол қозғалысына кедергі келтірген 11 мың текше метрден аса қар шығарылған.
Жәнібек Тайжанов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры:
Ауа райы жақсарғанға дейін пойыздардың кешігіп, қозғалыс кестесі өзгеріп отыруы мүмкін екенін хабарлаймыз. Жолаушылар пойыздарының кешігуі немесе мүлде жолға шықпайтыны туралы ақпараттарды алу үшін 1433 нөміріне тегін хабарласуға болады.
Қаракөз Тұрмағанбет