«Яндекс» таксиге міндеттемелер жүктелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Яндекс» таксиге міндеттемелер жүктелді

15.12.2023

"Яндекс" такси еліміздің цифрлық экожүйесін қолдау қорына өз еркімен 3 млрд теңге аударды.

Айта кетейік, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Яндекс таксиге қатысты тергеуді аяқтады. Такси қызметін көрсететін компания монополияға қарсы органға ақпарат беруден жалтарғаны үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, Агенттік пен Яндекс арасында арнайы келісім жасалып, компанияға нақты міндеттемелер жүктелді.

Нұржан Садырбай, ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз хатшысы:

Яндекс комиссиясын өзіне өндіріп алатын еді ғой. Сол мүмкіншілік тоқтады. Яғни, екі есе құнынан асатын болса, Яндекс өзінің комиссиясын алмайтын болды. Екіншісі, ол жүргізушілердің құқығы. Оларға қосымша бонустық бағдарламалар жасалатын болады. Ал жолаушыларға келетін болсақ, қазір Яндекс қосымшасында «Бірге» деген тариф бар. Кейде такси қызметіне сұраныс артып тұрғанның өзінде де, төмен бағамен осы тариф арқылы жүруге мүмкіндік береді.

Хабарламаларға жазылу