Жамбыл облысында жолда қалған тұрғындарға Қырғызстаннан құтқарушылар мен еріктілері көмекке келді. Қатты боран салдарынан 100-ден астам көлік "Алматы-Ташкент" тасжолында тұрып қалған. Тағы 150-дей көлік Алға мен Қордай ауылдарының арасында қаңтарылған. Қазақстан тарапынан 100-ге жуық құтқарушы мен 37 ауыр техника жұмылдырылды. Ал, Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі 39 құтқарушы мен 8 ауыр техника жіберді. Қазір қалың қарда қалған азаматтар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында жолда қалған тұрғындарға Қырғызстаннан құтқарушылар мен еріктілері көмекке келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/186393/)