Еліміздегі кәсіпкерлерлік субъектілердің 45 пайызын әйелдер басқарады. Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары осындай мәлімет таратты. Биылғы жылдың 11 айлық қорытындысы бойынша 900 мыңнан аса әйел өз кәсібін ашқан. Оның ішінде ең көп дамыған үш сала: көтерме бөлшек сауда, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы. Жалпы республика бойынша, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған 20 орталық бар. Онда кәсіпкерлерге 7 бағыт бойынша қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, жан-жақты кеңес беріліп, жаңа дағдылар қалыптастыруға жәрдем береді.
Еркежан Қалмақбаева, экономикалық зерттеулер институтының аға сарапшысы:
2022 жылдың және де осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша әйел кәсіпкерлерге 17 мың жоба шамасында субсидияланды. Ол 638 миллиард теңгеге бағаланады. 13 мыңнан аса жобаға кепілдік берілді осы бағыт бойынша.
Асылбек Данияр