Президенттік жастар кадр резервіне 50 маман қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттік жастар кадр резервіне 50 маман қабылданады

19.12.2023

Президенттік жастар кадр резервіне 50 адам іріктеліп алынады. Олар алдағы уақытта мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда түрлі жауапты лауазымдарға тағайындалады. Президенттік жастар кадр резервінің биылғы іріктеуіне 6 404 адам қатысты. Яғни, резервтегі 1 орынға 128 үміткерден болды. Көп кезеңнен тұратын іріктеу нәтижесі бойынша Ұлттық комиссия мүшелерінен әңгімелесуден өтетін 100 үздік кандидат анықталды. Олардың тең жартысы резервке алынады. Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен 19-23 желтоқсан аралығында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің ақтық кезеңі өтіп жатыр.

Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

Президенттік кадр резерві жобасы ол 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен өзінің жұмысын бастап кеткен болатын. Содан бері үшінші рет өткізіліп отыр. Бүгінгі Ұлттық комиссия отырсына 100 үміткер келіп қатысып жатыр. Үміткерлеріміздің негізгі білімдері жоғары және шетелдік білімдері бар.

Ғабит Дарисов, үміткер:

Президенттік жастар кадр резервіне үміткермін. Қазіргі таңда 6 іріктеу кезеңі өткізілді.Жастардың талантын, лидерлік қабілеттілігін аша біңлді деп ойлаймын осы іріктеу кезеңдер. Мемлекет басшысының бастауымен кадрлық резервке іріктеу тамаша мүмкіндік деп есептеймін.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу