Елімізде азаматтық авиация мамандары тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде азаматтық авиация мамандары тапшы

19.12.2023

Қазақстандағы авиация саласына маман дайындайтын академияның дипломы халықаралық талаптарға сай келмейді. Сондықтан ол түлектерге сұраныс та жоқ. Жақсы жұмысқа орналасу үшін шетелдерге барып, қосымша білім алулары керек. Бүгін Үкімет отырысында авиация саласындағы түйткілді мәселелер қаралды. Қазір мәселені шешу үшін Францияның ұлттық мектебімен бірлесе жұмыс істеу пысықталып жатыр. Дегенмен нақты келісім жоқ. Жыл сайын салаға 600 маман қажет. Үкімет басшысы ғылым және жоғары білім министрлігіне қажетті кадрлардың болжамын жасап, шетелде біліктілікті арттыру мәселесін пысықтауды тапсырды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Бүгінде ұшқыштар, инженерлер мен техникалық персоналдар жетіспейді. Рейстердің кешігуі де қалыпты әдетке айналып барады. Оған қолайсыз ауа-райы ғана себепші емес. Сондықтан авиакомпаниялар жолаушылар мен ұшақтарға қызмет көрсету сапасын жақсартып, әуе паркін кеңейту қажет.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу