Жезқазған жылу электр орталығында істен шыққан қазандықтарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, ҮШ қазандық бірдей істен шыққан. Әуелі су үнемдегішіндегі ақауға байланысты нөмірі 4-ші қазандықты тоқтатуға тура келіпті. Араға уақыт салып, тағы бір қазандықта сызат пайда болған. Енді бірінің, түтін тартқыш қозғалтқышы істен шыққан. Салдарынан қалаға жылу 2-ші қазандық арқылы берілген. Сол себепті үйлерге жіберілген жылудың нормасы қалыпты деңгейден 10 градусқа төмендеп кеткен. Кеше кешке төртінші және алтыншы қазандықтардағы ақау жөнделді. Енді бүгін бесінші қазандық іске қосылады, - дейді қала әкімі Қайрат Шайжанов.
Руслан Нұрланұлы