Үндістанның оңтүстігіндегі Тамил-Наду штатында жауын бірнеше күн бойы құйып, кейбір аудандарда су тасыды. Қазір жолдар өзенге айналғандықтан, көлік қатынасы тоқтап, автомашиналар көпірмен ғана жүріп жатыр. Пойыздар да сапарларын доғаруға мәжбүр. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, тасқын салдарынан болған жол апаттарынан бес адам қаза тапты. Жүздеген тұрғын су басқан елді мекендерде қалып қойған. Оларға құтқарушылар жіберіліп жатыр. Жылда осы кезеңде бұл провинцияға 2 жарым миллиметр жауын түседі. Биыл оның көлемі 50 миллиметрге жеткен. Яғни бір шаршы метр жерге көктен 50 литр су төгілгенмен тең.
Арыстан Рысбек